Астанада бірқатар қалалық автобустардың бағдары уақытша өзгереді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі кезде елордада жол жабынын жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты 22 мамырда Қабанбай батыр даңғылының Қорғалжын тасжолынан Республика даңғылына («Рамстор» СҮ жанындағы көпір) дейін кейбір автобустардың қозғалыс сызбасы өзгереді, деп хабарлайды қаланың ресми сайты.