Чехия аумағында ҰОС кезінде мерт болған қазақстандық жауынгерлердің сүйектері анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Чехия аумағында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің сүйектері табылды. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның Чехиядағы Елшісі Сержан Әбдікәрімов мәлім етті.