Қостанай мен Ақтөбе облысында ауа райына байланысты көлік қозғалысына қойылған шектеу сақталады
![Қостанай мен Ақтөбе облысында ауа райына байланысты көлік қозғалысына қойылған шектеу сақталады](http://www.inform.kz/fotoarticles/20140515083216.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қостанай және Ақтөбе облыстарында бірқатар автожолдар жабылған болатын. Бүгінгі мәлімет бойынша автожолдардың кей бөліктерінде көлік қозғалысына қойылған шектеу сақталады.