Брюссельде Алматыда өтетін қысқы 2017 жылғы Универсиадаға дайындық талқыланды
![Брюссельде Алматыда өтетін қысқы 2017 жылғы Универсиадаға дайындық талқыланды](http://www.inform.kz/fotoarticles/20160305185036.jpg)
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Бүгін Брюссельде Халықаралық студенттік спорт федерациясы атқарушы комитетінің отырысы өтті. Оның барысында Универсиада дайындау және өткізу дирекциясының басшысы Әсет Әбдуәлиев Алматыда өтетін 28-ші Дүниежүзілік қысқы 2017 жылғы Универсиадаға дайындық туралы аралық есеп берді.