Түркияда лаңкестік әрекетті ұйымдастырды деген күдікпен 22 адам тұтқындалды
![Түркияда лаңкестік әрекетті ұйымдастырды деген күдікпен 22 адам тұтқындалды](http://www.inform.kz/fotoarticles/20160222020124.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияда ел астанасындағы лаңкестік әрекетті ұйымдастырды деген күдікпен 22 адам тұтқындалды. Олардың барлығы «Күрдістанның жұмысшы партиясымен» байланыста болған. Бұл туралы Премьер-министр Ахмет Дәуітоғлы мәлімдеп отыр, деп жазады khabar.kz.