Наубайханада 4 Өзбекстан азаматы заңсыз жұмыс істеп келген - Алматы (ФОТО)
![Наубайханада 4 Өзбекстан азаматы заңсыз жұмыс істеп келген - Алматы (ФОТО)](http://www.inform.kz/fotoarticles/20160218144730.jpg)
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда наубайханада 4 Өзбекстан азаматы заңсыз жұмыс істеп келгені мәлім болды. Олар осыдан екі ай бұрын қалаға келген. Наубайхана иесі олардың жұмысын заңдастырып берем деп уәде берген. Шын мәнінде олардың Қазақстанда белгілі бір уақытқа дейін болуға рұқсат беретін құжатынан басқа еш құжаттары жоқ болып шықты.