Brent мұнайының бағасы 35 доллардан жоғары көтерілді
![Brent мұнайының бағасы 35 доллардан жоғары көтерілді](http://www.inform.kz/fotoarticles/20160131140436.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейсенбі, 18 ақпан күні өткен саудада солтүстіктеңіздік Brent маркалы мұнайдың бағасы бір баррелі үшін 35 доллардан асты. Соңғы рет Brent-тің бұл бағасы екі апта бұрын - 4 ақпанда тіркелген. Онда бұл доллардың басқа валюталарға қатысты төмендеуі жағдайында орын алып, Bloomberg оны жеті жылда болған ең шұғыл өзгеріс деп атаған. Бұл туралы РБК жазады.