Ресейде 300 метрлік шұжық әзірленді
![Ресейде 300 метрлік шұжық әзірленді](http://www.inform.kz/fotoarticles/20160214000700.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Калининград қаласында «Ұзын шұжық күні» мерекесіне келгендер салмағы 300 келіден жоғары үш жүз метрлік шұжықтан дәм татты. Бұл шара көне Кенигсберг дәстүрі бойынша өткізілуде, деп хабарлайды ресейлік «РИА Новости» агенттігі.