Добавить новость
World News in Kazakh





160*600

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Актуальные новости сегодня от ValueImpression.com


Опубликовать свою новость бесплатно - сейчас


Зорланғанын 30 жылдан соң жариялаған Наташаның оқиғасы

Саяхат, әдемі табиғат, шетелдегі бақуатты өмір. Тайланда тұратын қазақ қызы Наташаның желідегі парақшалары Қазақстандағы қым-қуыт тіршіліктен алыс, әдемі әлем болып көрінетін. Бірақ, ол биыл 31 наурызда 30 жыл бойы айта алмай келген сырын ақтарды: 17 жасында Наташаны ауылындағы төрт жігіт зорлап, Жайық өзені жағасына тастап кеткен.

"ҮЙДІҢ ҚАСЫНА КЕЛІП ТОҚТАДЫМ ДА, БҮГІН ЖАЗАМЫН" ДЕДІМ"– Мені қорлап, зорлап, таптап, Жайықтың жағасына тастап кеткен төрт жігіт әлі күнге қаннен-қаперсіз өмір сүріп жатыр. Жасым елуге таяп қалды, содан бері алаңсыз өмір сүре алмаймын. Бірде-бір ер адамды сүйе алмаймын... 17-18 жасымда қазақ жігіттері зорлап кетті. Төрт ағамның бірі оқуға, бірі әскерге, қалғандары басқа жаққа кетіп, жалғыз анаммен үйде қалғанымды пайдаланды. Жай ғана ойнап-күліп өсіп келе жатқан кішкене қыз едім, артық қылық жасамаған едім...

Наташаның көлікте отырып түсірген жанайқай видеосын TikTok-та 1,5 млн адам көрген.

Бұған дейін біраз жыл Дубайда тұрып, кейін Тайландқа көшкен Наташа Қалымбетова осы кезге дейін жан сырын ақтарар адам таппаған. Содан соң бар мұң-шерін желіге жариялайын деп ұйғарған.

– Видеоны алты-жеті рет қайтара жаздым. Ол телефондағы "сақтаулы" деген файлдар арасында тұра берді. Шығаруға дәтім шыдамады, – дейді жан сырын ақтарған Наташа.

Сол күні оның Тайландта жалға алған көлігін біреу соғып кетіп, ұзақ дау-дамай болады. Осы оқиғадан жалғызбасты әйелдің көңілі құлазиды. "Қасымда неге жігітім жоқ" деп қайғырмайды, тек көкірегінде қатқан кек әдеттегідей қайта бас көтереді: "Үйімнің қасына келіп тоқтап, телефонымды қойдым да, "бүгін жазамын" дедім".

"ҮЙГЕ ШАРШАП КЕЛЕЙІНШІ, ҰЙЫҚТАП ҚАЛАЙЫНШЫ ДЕДІМ"Наташа 30 жыл бұрын болған сол оқиғаны өмір бойы ұмытуға тырысып келеді. Сол жан жарасын емдеуге тырысады. Оралда, Ақсайда мансап қуып, халықаралық мұнай-газ компаниясында жұмыс істейді, үй алады.

– Жұмыстан үйге шаршап келейінші, ұйықтап қалайыншы, сонда ештеңе ойламаймын дедім.

"Сол күнді ұмытамын" деген оймен тынбай жұмыс істейді.

Жан жарасы жазылды-ау деп, 28 жасында Орал қаласында бір жігітпен көңіл қосып, бала көтерген. Бірақ кейін ол жігіттің отбасы бары белгілі болады.

"Содан кейін мүлде тұйықталдым" дейді Наташа. Ол ер адам көрсе жиіркенетін жағдайға жеткен.

Кейін Алматыда біраз жыл қызмет істеп, Дубайдағы құрылыс компаниясына ауысқан. Жанын жегідей жеген сол ауыр күн тағы да он жылға ұмыт болғандай еді.

Бейтаныс орта, түсініксіз ережелер, жат қоғам. Сол қоғамға бейімделу, үйрену көп қажыр-қайратты талап етеді. Наташа сырт әлемге ашылмай, одан әрі "тұйықтала түседі".

2025 жылы ұлы Алан Дубайда мектебін бітіріп, Шанхайға оқуға түседі.

– Ол кезде қасымда балам бар, үйім бар, жұмысым бар деп алаңдап келдім. Ол кеткен соң баяғы дертім қайта қозды, – дейді ол.

"ОСЫ КҮНГЕ ДЕЙІН МАСКА ТАҒЫП ЖҮРДІМ"Наташа – Батыс Қазақстан облысындағы қазақы ауылда, көп балалы отбасында туып-өскен. Алдында төрт ағасы болған. Қазір олардың үшеуі мемлекеттік қызметте, төртіншісі қайтыс болған.

Ол әкесінің жалғыз қызы еді, әкесі "қыз керек" деп қатты күткен. Есімі ерекше болсын, көз тимесін деп, "Наталья" емес "Наташа" деп қойған. Бірақ, өкінішке қарай, әкесі Наташаның 7 жасында дүниеден өткен.

Ол содан бері өзін жалғыз сезінеді. Шешесі балаларын қатал өсірген.

– Анам сол 7 жасымнан бастап мені сүю, бірге тамақ ішу, бірге ұйықтау дегенді қойды. Оған дейін де жалғыз едім, одан кейін де жалғыз қалдым, сол жалғыздықпен әлі жүрмін.

– Ішімде сол қазақ ауылының қара қызы әлі қалып қойған. Намысшылмын, нәзікпін, қорқамын, айтуға ұяламын. Балам кеткесін ауруым қайта басталды. Жалғыз қалып қалдым. Ұжыммен анда-мұнда шығамыз, жігіттер қарайды. Бірақ оларға ештеңе айта алмаймын. Олар: "Көзің неге мұңлы? Бірдеңені жасыратын сияқтысың" дейді. Осы күнге шейін өзімді жеңіп, жазалап, емдеп, маска тағып жүрдім, – дейді ол.

"БІРЕУІНІҢ КӨЗІ ҚАСҚЫРДЫҢ КӨЗІНДЕЙ ҚОРҚЫНЫШТЫ БОЛАТЫН"30 жыл болған сол ауыр күнді еске алғанда Наташаның тұла бойы дірілдеп кетеді.

– Олар кімдер? – дедік сыр тартып.

– Менен үлкен, танымайтын адамдар... Сол төрт жігіттің екеуі мектептегі класстас қыздың ағалары. "Неге мен? Неге мені аямайды?" деген сұрақ келеді де тұрады.

– Біреуінің көзі қасқырдікіндей қорқынышты болатын. Екіншісі бір жақсы тәрбиелі отбасынан шыққан. "Көмектесші, сен көмектесші!" деп айқайлап, содан жәрдем сұрадым, ешкім көмектескен жоқ. Сол жара, ауру, өмірге, еркекке, өзіңе деген жиіркеніш қалып қойды... Ер адам қолымнан ұстаса, денем тітіркеніп, қайтадан 30 жыл бұрынғы күйге түсемін. Мен өмір сүріп кете алмадым, күйеуге шыға алмадым...

"АҒАЛАРЫҢДЫ ҰЯТҚА ҚАЛДЫРДЫҢ"Наташа бұл оқиғаны тек анасына айтқан. Анасы екі аптадан кейін үйдегі жалғыз сиырын сатып, қызын "қайтып келме" деп Орал қаласына жіберіпті.

– Мұны сол кезде ағаларыма айтты ма, айтпады ма, білмеймін. 18 жасыма дейін таза қазақша сөйледім, орыс тілін білмеуші едім. "Ұят болады", "ағаларымды ренжіттім" деп ойладым. Анам: "Ағаларың сені ешқашан ренжіткен жоқ еді, оларды ұятқа қалдырдың, енді бауырларыңның атына кір келтірме, олардың болашағы бар, өз өміріңді сүр" деп жіберді.

Наташа ағаларын "тәте", "көке" дейді, анасы жалғыз өсірген соң бір-біріне артық сөз айтпайды, сырласпайды да. Ағалары оның басынан өткен оқиғадан кейін хабардар болған. Бірақ ешқайсысы жараның бетін ашпаған. Наташа соған назалы. "Жағдайың жақсы ма?" – "Жақсы". Сонымен болды, басқа сұрақ қоймайтын адамдар" дейді ол.

"ЗОРЛАҒАНДАР ЖАЗАЛАНСА 70 ПАЙЫЗ ЖАЗЫЛАМЫН"Наташа Қалымбетованың әлеуметтік желідегі мәлімдемесінен соң Батыс Қазақстан облыстық полициясы 30 жыл бұрынғы зорлау фактісі бойынша іс қозғаған.

– Бұл оқиғаның жалғасы бар, – дейді Наташа. – Бұл сұмырайлар түрмеге жабыларына 90 пайыз сенімдімін. Мен қиналып жатқанда олар неге тайраңдап өмір сүріп, тамағын ішіп, ұйықтап, әке, ата, құда болып тойларын жасап жүреді? Менің бойымдағы кегімді олар да көруі керек, олар да қиналуы керек. Мен 30 жыл қиналдым, енді қалған қиын өмірімді соларға беремін, – дейді Наташа.

Ол іс қарала бастағанда ұлымен бірге Оралға келіп, тергеуге көмектеспек. Істің мән-жайын ашып айта алмайды, бірақ кінәлілер табылып жазасын аларына сенеді. Ұлы да өзін қолдайды.

– Ол – менің досым, екеуміз көп сөйлесеміз. Видеоны жариялаған күні оған айтқан жоқпын. Миллион қаралым жинаған соң айттым. Балам құшақтап жылады, "сезіп жүрдім" деді.

– Іс сотқа жетіп, айыптылар жазаланса, жан жараңыз жазылуы мүмкін бе?

– Жазылуы мүмкін. Психологтарға бардым, жазылмадым. Анамды кешірдім, ағаларымды кешірдім. Болмады. Зорлағандар жазаланса, 70 пайыз болса да жазыламын, ар жағын психологпен жұмыс істеп жөндеп аламын деп ойлаймын...





Загрузка...

Читайте на сайте

Другие проекты от 123ru.net








































Другие популярные новости дня сегодня


123ru.net — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 123ru.net.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.



Новости 24/7 Все города России




Загрузка...


Топ 10 новостей последнего часа






Персональные новости

123ru.net — ежедневник главных новостей Вашего города и Вашего региона. 123ru.net - новости в деталях, свежий, незамыленный образ событий дня, аналитика минувших событий, прогнозы на будущее и непредвзятый взгляд на настоящее, как всегда, оперативно, честно, без купюр и цензуры каждый час, семь дней в неделю, 24 часа в сутки. Ещё больше местных городских новостей Вашего города — на порталах News-Life.pro и News24.pro. Полная лента региональных новостей на этот час — здесь. Самые свежие и популярные публикации событий в России и в мире сегодня - в ТОП-100 и на сайте Russia24.pro. С 2017 года проект 123ru.net стал мультиязычным и расширил свою аудиторию в мировом пространстве. Теперь нас читает не только русскоязычная аудитория и жители бывшего СССР, но и весь современный мир. 123ru.net - мир новостей без границ и цензуры в режиме реального времени. Каждую минуту - 123 самые горячие новости из городов и регионов. С нами Вы никогда не пропустите главное. А самым главным во все века остаётся "время" - наше и Ваше (у каждого - оно своё). Время - бесценно! Берегите и цените время. Здесь и сейчас — знакомства на 123ru.net. . Разместить свою новость локально в любом городе (и даже, на любом языке мира) можно ежесекундно (совершенно бесплатно) с мгновенной публикацией (без цензуры и модерации) самостоятельно - здесь.



Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net