Қазақстандық әлем чемпионы камбэк жасап, Азия чемпионатының алтынын алды
Алтын медаль үшін таласта қазақстандық боксшы үндістандық спортшы Сачин Сивачпен жұдырықтасты.
Бірінші раундтың басында үнді боксшысы жылдамдығының арқасында басымдыққа ие болуға тырысты, алайда Асылқұлов оған есе жібермей, орта қашықтықта белсенді жұмыс істеді. Біраз уақыттан кейін Сачиннің жылдамдығы өз нәтижесін бере бастап, ол отандасымыздан басым түсті. Қорытындысында төрешілер бірінші раундты бірауыздан үнді боксшысына берді.
Екінші раунд қазақстандық үшін сәттірек өтті. Ол жойқын соққылар бағыттап, қарсыласына дөп тиіп отырды. Төрешілер Асылқұловтың мықтылығын мойындап, екінші раундта 3:2 есебімен жеңісті оған берді.
Үшінші кезеңде қазақстандық боксшы өзінің "жұмыс" әдісін жалғастырып, қарсыластың шабуылынан қорғана жүріп, ауыр соққылар жасады. Соңғы минуттарда отандасымыз тіпті қолын түсіріп, кеңінен сермеп соққылар бағыттады. Төрешілер бұл раундта да жеңісті Асылқұловқа тиесілі деп тапты.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында 3:2 есебімен Оразбек Асылқұлов жеңіске жетті.
Естеріңізге сала кетейік, Азия чемпионатының жартылай финалында қазақстандық боксшы өзбекстандық Абдурахмон Махмуджоновпен кездескен болатын.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan) жариялаған жазба