Тоқаев бокстан Азия чемпионы болған Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті бокстан Азия чемпионы атануымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Тelegram-арнасында жазды.
"Мемлекет басшысы боксшы қыздардың асқан шеберлігі, жеңіске деген ерік-жігері мен отаншылдық сезімі жанкүйерлерді тәнті еткенін атап өтті. Президент ұлттық құрама мүшелеріне алдағы әлем чемпионаттары мен Лос-Анджелес Олимпиадасында биіктен көрінуіне тілектестік білдірді", - деп жазды Смадияров.
Еске салайық, Надежда Рябец финалда өзбекстандық Рухшона Парпиеваны тізе бүктіріп, команда қоржынына алғашқы алтынды салды.
Кейін 80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Азия чемпионаты финалында Дина Исламбекова үндістандық қарсыласы Алфия Пазанды жеңді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!