Добавить новость
World News in Kazakh





160*600

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Актуальные новости сегодня от ValueImpression.com


Опубликовать свою новость бесплатно - сейчас


Аягөзде мерзімді қызметтегі сарбаз менингиттен қайтыс болды - госпиталь дәрігері сотқа тартылды

Абай облысында менингиттен қайтыс болған мерзімді қызметтегі әскери қызметшінің өліміне қатысты іс бойынша үкім шықты. Госпиталь дәрігері екі жылға сотталды, алайда сот залында оған рақымшылық жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшіс.
Не болды?
Былтыр 25 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысынан әскерге шақырылған сарбаз 16 мамырда денсаулығының нашарлауы мен дене қызуының көтерілуіне шағымданып, Аягөз әскери госпиталіне түскен. Тексеруден кейін дәрігерлер ем тағайындайды.
Бірақ сарбаздың жағдайы тек нашарлай берген. Кейін ол аудандық орталық ауруханаға ауыстырылып, 19 мамырда жансақтау бөлімінде көз жұмды. 20 жастағы әскери қызметшінің өліміне байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
Сот не анықтады?
"Сот кабинеті" мәліметінше, Аягөз әскери госпиталі емхана бөлімшесінің 38 жастағы бастығы жауапқа тартылды. Ол Қылмыстық кодекстің 317-бабы 3-бөлігі "Медицина қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауынан абайсызда адам өліміне әкеп соғу" бойынша айыпталды.
Сотта медицина қызметкері госпитальға түскен кезде әскери қызметшінің тамағы қызарып, аздап жөтеліп, дене қызуы төмен болғанын айтты. Сарбаз денсаулығының нашарлауын ант қабылдауға дайындық кезінде алаңда күн өтумен байланыстырған. Дәрігер оған жедел назофарингит диагнозын қойып, ауруханаға жатқызды.

"17 мамырда таңертең сарбаздың жағдайы нашарлап, дене қызуы 38,5 градусқа дейін көтерілген, қан қысымы 80/50-ге дейін төмендеп, құсып, жөтел пайда болған. Алайда сотталушы қайта тексеру кезінде емді өзгертпеген, оның жағдайының ауырлығын жете бағаламай, уақтылы бейінді стационарға жібермеген", - делінген "Сот кабинетіндегі" материалдарда.

Сол күні кешке қарай сарбаз Аягөз аудандық орталық ауруханасына жеткізілген, бірақ 18 мамырда таңертең ғана жансақтау бөліміне ауыстырылып, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Медицина қызметкері өз кінәсін мойындамай, ақтауды сұрады. Сотта ол емдеу хаттамасына сәйкес әрекет еткенін және пациентке көмектесу үшін барлық шара жасағанын алға тартты.
Сараптама не көрсетті?
Сот-медициналық сараптама өлімге екі жақты іріңді отиттен кейін дамыған, ми ісінуімен, сепсиспен, тромбоцитопениямен және бүйректің уытты зақымдануымен асқынған іріңді менингит себеп болғанын көрсетті. Іс материалдарында дәрігердің ауру белгілерін тани алмағаны, қате диагноз қойып, пациентті менингококк инфекциясына тексермегені айтылған.
Сарапшылардың қорытындысы бойынша, егер 16 мамырда диагноз дұрыс қойылып, емдеу уақтылы басталғанда, жігіт аман қалуы мүмкін еді.
Сарбаздың туыстары не дейді?
Әскери қызметшінің ата-анасы сотта оның әскерге аттанар алдында толық медициналық тексеруден өтпегенін айтты. Олардың сөзінше, 2025 жылғы 22 сәуірде әскери комиссариат қызметкерлері келіп, әскерге шақыру туралы хабарлаған, келмеген жағдайда айыппұл салынатынын ескерткен.
"Сот кабинетінде" көрсетілген іс материалдарына сәйкес, жазадан қорыққан ата-анасы 23 сәуірде ұлымен бірге әскери комиссариатқа келген, ал кешке оны қызмет орнына жіберген. Жас жігіттің анасы ұлымен соңғы рет 14 мамырда сөйлескенін, ол кезде баласы денсаулығына шағымданбағанын айтты.
Сот шешімі
Семей гарнизонының әскери соты сотталушыны кінәлі деп танып, 2 жылға бас бостандығынан айырып, дәл осындай мерзімге медициналық қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасын кесті. Алайда айыпталушы рақымшылыққа ілікті.
Үкімде сот қылмыстың жеңіл дәрежелі санатқа жататынын ескергені, сондай-ақ сотталушының үш баласы бар екенін анықтағаны және істі ауырлататын мән-жайлардың жоқтығы айтылған.
Сондай-ақ сот жәбірленуші тараптың азаматтық талап-арызын ішінара қанағаттандырып, сотталған адамнан жалпы сомасы 12 миллион теңгеден астам моральдық зиян, материалдық шығын және өкілдік шығындарды өндіру туралы қаулы етті.
Еске сала кетейік, сарбаз өлімінің осыған ұқсас фактісі Шымкентте де тіркелген болатын. Ұлттық ұлан баспасөз қызметі мәліметінше, 2026 жылғы қаңтарда Тараздан шақырылған әскери қызметшінің жүрегі кенеттен тоқтап қалған. Алдын ала диагноз ретінде жедел лейкоз аталды.
Әскери қызметшінің бірнеше рет медициналық көмекке жүгінгені, қалалық емдеу мекемелерінде бақылауда болып, тексеруден өткені айтылды. Сарбаздың өліміне байланысты әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғаған.



Загрузка...

Читайте на сайте

Другие проекты от 123ru.net








































Другие популярные новости дня сегодня


123ru.net — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 123ru.net.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.



Новости 24/7 Все города России




Загрузка...


Топ 10 новостей последнего часа






Персональные новости

123ru.net — ежедневник главных новостей Вашего города и Вашего региона. 123ru.net - новости в деталях, свежий, незамыленный образ событий дня, аналитика минувших событий, прогнозы на будущее и непредвзятый взгляд на настоящее, как всегда, оперативно, честно, без купюр и цензуры каждый час, семь дней в неделю, 24 часа в сутки. Ещё больше местных городских новостей Вашего города — на порталах News-Life.pro и News24.pro. Полная лента региональных новостей на этот час — здесь. Самые свежие и популярные публикации событий в России и в мире сегодня - в ТОП-100 и на сайте Russia24.pro. С 2017 года проект 123ru.net стал мультиязычным и расширил свою аудиторию в мировом пространстве. Теперь нас читает не только русскоязычная аудитория и жители бывшего СССР, но и весь современный мир. 123ru.net - мир новостей без границ и цензуры в режиме реального времени. Каждую минуту - 123 самые горячие новости из городов и регионов. С нами Вы никогда не пропустите главное. А самым главным во все века остаётся "время" - наше и Ваше (у каждого - оно своё). Время - бесценно! Берегите и цените время. Здесь и сейчас — знакомства на 123ru.net. . Разместить свою новость локально в любом городе (и даже, на любом языке мира) можно ежесекундно (совершенно бесплатно) с мгновенной публикацией (без цензуры и модерации) самостоятельно - здесь.



Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net