“Құқық пен жауапкершілік жолы: заңгерлік тәжірибемнің сабақтары”
Менің кәсіби өмірім ұстаздық қызметпен ғана шектелмейді. Ұстаздықпен қатар, мен құқық саласында білім алып, заң факультетін тәмамдадым, бұл менің кәсіби жолымда ерекше тәжірибе мен терең түсінік берді. Құқықтық білім адам өміріндегі әділдік, тәртіп пен жауапкершілік принциптерін түсінуге мүмкіндік береді. Сол себепті мен үшін заң саласы – тек теориялық білім емес, қоғамға қызмет етудің, адамдардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғаудың нақты құралы болды.
Заң факультетін бітіруімнен кейін мен бір жыл бойы Маңғыстау облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінде (ТЖМ) ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспектор қызметін атқардым. Бұл қызмет менің кәсіби өмірімде жаңа кезеңнің басталуы болды. Міндеттерім өте жауапты еді: төтенше жағдайлар кезінде құқықтық...