Бақытты болудың құпиясы
Аққайнардың желкесіндегі ұзынша қойнау – бір үйір қызғалдақтың отаны. Жылда көктемде бұл жерде қып-қызыл қан құлақ қызғалдақ көздің жауын алып, тұнып тұрады.
Қызғалдақ жайнап тұрған. Көрген адамның басы айналып, елтіп, әл-дәрмені кетер еді. Бір күні Алатау сілемдерін құлдилай саулайтын Қордайдың сары желі сарнап соқты-ай дейсің бір. Үлпілдеп тұрған қызғалдақты айтасыз, тас суырды. Қалың қызғалдақты отап тынды.
Сауылдап төгілген қып-қызыл жапырақ Аққайнардың бетін көміп кетті. Қайнардың астынан бұрқ-бұрқ атқылаған сан-сан көзі қойсын ба, жапырақтарды ысырып, бірте-бірте ағысқа түсіріп жіберді.
Қызғалдақтардың Дәнегі қалың шөп арасына жасырынған. Кейбірі топырақ жамылып үлгерген. Келесі күні күн қызып кетті де, Аққайнардың басын аламан-топыр қылып құйын жүріп...