«Кемел адам» сипаты немесе кемелдену теориясы
«Адам – дәуірдің түйесі, дәуір–адамның иесі». Халқымыздың осы бір тәмсілі заман мен адам арасындағы үздіксіз байланысты аңғартса керек. Бірақ заман құбылғанымен, құндылықтың тозбайтыны болады.
Бұл құндылықтарға «Кемел адам» концепциясы да жатады. Осы орайда: «Кемелдік дегеніміз не?» деген сұрақ туындайды. Бұл ұғым көз алдымызға, ең алдымен, әл-Фараби мен Абайдың ойларын, Бауыржан атамыздың темірдей түзу тәртібін елестететіні анық.
Әрине, олар бұл биікке дайын күйінде жеткен жоқ. Бүкіл ғұмырын өз нәпсісімен, ішкі «менімен» алысумен өткізді. Жаны мен арының тазалығы үшін күресті. Сол биікке жеткеннің өзінде «әлі де ізденісім аз, ішкі тазалығым жеткіліксіз» деп күйінген нағыз ұлы тұлғалар болды.
Бұл тек моральдық деңгей емес,...