24 наурыз – Паравоздың туған күні
24 наурыз күні паравоздың туған күні атап өтіледі. Дәл осы күні, 1802 жылы, британдық инженер Ричард Треветик әлемдегі алғашқы бу локомотивін — бу қозғалтқышымен жүретін өздігінен қозғалатын рельсті көлікті патенттеді. Осыған орай паравоздың пайда болу тарихы туралы бірнеше фактілер келтіремін.
• Алғашқы бу локомотивін 1804 жылы ағылшын инженері Ричард Тревитик жасап шығарды. Ол паровозды теміржолда сынақтан өткізіп, бірнеше вагонды сүйрей алған.
• 1825 жылы 27 қыркүйекте әлемдегі алғашқы қоғамдық теміржол – Стоктон–Дарлингтон бағыты ашылды. Бұл жолда Джордж Стефенсон жасаған “Locomotion No. 1” паровозы алғаш рет жолаушылар тасымалдады.
• 1829 жылы “Rainhill Trials” атты жарыста Стефенсонның “Rocket” паровозы жеңіске жетіп, бу...