Таразда «Қамқор» қайырымдылық акциясы өтті
2026 жылдың 16 наурызында Тараз қаласында Жамбыл облыстық Махмұт Қашқари атындағы Ұйғыр этномәдени бірлестігі Рамазан айына орай және Наурыз мерекесі қарсаңында «Қамқор» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Игі шара Тараз қаласының Қарасу мөлтек ауданында орналасқан №24 жатақхана тұрғындарының қатысуымен өтті.
Жиын барысында әлеуметтік жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен көпбалалы аналардан тұратын 50 отбасыға азық-түлік пакеттерін табыстады. Бірлестік төрағасы Мухабат Турдыева жиналған қауымды келе жатқан Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы және қасиетті Рамазан айы мерекесімен құттықтады.
Игі істің басынан табылған Жамбыл облыстық Махмұт Қашқари атындағы Ұйғыр этномәдени бірлестігінің мүшелері, Ақсақалдар кеңесі және белсенділері
он бес жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан бұл шара алдағы уақытта да өз жалғасын табатынын айтты.
Сообщение Таразда «Қамқор» қайырымдылық акциясы өтті появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.