Добавить новость
World News in Kazakh





160*600

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Актуальные новости сегодня от ValueImpression.com


Опубликовать свою новость бесплатно - сейчас


“Бізді үйде балаларымыз күтіп отыр“: қазақстандық дәрігерлер Израильде қалып қойды

Шығыс Қазақстаннан Тель-Авивке біліктілігін арттыру үшін барған бір топ дәрігер аймақтағы жағдайдың ушығуына байланысты елге қайта алмай отыр. Tengri Travel мән-жайды анықтап білді.
Израильдегі жағдай
Оқиға туралы Израильде біліктілігін арттырып жүрген қазақстандық дәрігерлердің бірі айтып берді. Оның сөзінше, күрделі жағдай 28 ақпанда басталған.

"Біз қонақүйде болғанбыз, бірақ келесі күні бізді қауіпсіз жерге көшірді. Алғашқы күндері дабыл өте көп болды, қазір азайғанымен, ара-тұра әлі де жалғасып жатыр", - деді Сабина (есімі қазақстандықтың өтініші бойынша өзгертілген - еск.).

Қазір ол және Қазақстаннан барған тағы алты дәрігер Тель-Авивтің шығыс бөлігіндегі ауруханаға орналастырылған. Сол жерде олар тәжірибеден өтіп жатқан. Дәрігерлер бөлек палаталарда тұрады.

"Біз өзіміз оқыған ауруханада жүрміз. Қазір бұл қауіпсіз жер, бізде бәрі жақсы - күніне үш мезгіл тамақ беріледі, жеке палаталар бар. Біз эвакуацияны, қашан бізді елге алып кетеді деп күтіп отырмыз", - деді ол.

Телефонға әрбір хабарлама келген сайын дәрігерлер дереу "мамадқа" - арнайы нығайтылған қауіпсіздік бөлмесіне баруы тиіс. Дабыл аяқталғаны туралы хабар келгенше сол жерде болады, содан кейін қайтадан палаталарына оралады.

"Алғашқы тәулікте қорқынышты болды, өйткені біз мұндай жағдайды бұрын бастан өткермегенбіз. Әрине, мұнда кейде дабыл болатынын білетінбіз, бірақ олар өте жиі болған кезде қатты қорықтық. Бізбен үнемі байланыста болып, "алаңдамаңыздар, бәрі жақсы болады" деп сабырға шақырды. Келесі күні бізді қауіпсіз жерге ауыстырды, сондықтан өзімізді әлдеқайда қауіпсіз сезінеміз, бірақ шабуыл туралы хабарламалар әлі де жалғасып жатыр", - деді Сабина.

Ақпарат алудың жалғыз мүмкіндігі — мобильді интернет. Бірақ ол атқылау кезінде қайта-қайта жоғалып кетеді.

"Мобильді байланыс бар, бірақ кейде дабыл мен сирена кезінде үзіліп қалады. Абырой болғанда, байланыс жұмыс істейді, өйткені ата-анамызбен және отбасымызбен сөйлеспесек, олар не болып жатқанын білмей, алаңдайтын еді", - деді дәрігер.

Қазақстандықтар 5 наурызда оқуын аяқтағаны туралы сертификаттарын алған.

"Елшілік бізбен байланыста және эвакуацияға ниетті адамдар үшін чат ашты. Барлығымызды тізімге енгізіп, паспорт деректерімізді жинады", - деді ол.

Отандасымыздың айтуынша, дипломатиялық өкілдік адамдарды елден алып шығаратынын уәде еткен, бірақ нақты ұшу күні мен рейстер туралы ақпарат әлі жоқ.

"Әзірге белгісіз. Алдын ала ұшақпен ұшамыз деп жоспарланып жатқан сияқты, бірақ бұл мәселелер әлі шешіліп жатыр. Бізге нақты ештеңе айтылған жоқ: арнайы борт бола ма, әлде басқа рейстермен кетеміз бе белгісіз. Тек күтіңдер деді. Қазір біз күтіп отырмыз", - деді Сабина.

Ол дәрігер ұжымы көңіл-күйлерін түсірмеуге тырысып жатқанын айтты.

"Бүгін балаларымыздың таңғы мерекелік шаралары өтіп жатыр, фотоларын жіберді. Олардың жанында болғымыз келеді. Бізбен туыстарымыз, достарымыз және әріптестеріміз үнемі байланысып, бәрі алаңдап, қолдау көрсетіп жатыр", - деді дәрігер.

СІМ не дейді
Аймақтағы қазақстандықтардың жағдайы туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің өкілі Ерлан Жетібаев брифинг барысында айтты. Оның айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстан азаматтарының арасында қаза тапқандар немесе зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

"Қазіргі уақытқа дейін Қазақстан азаматтарының арасында зардап шеккендер немесе қаза тапқандар туралы ақпарат түскен жоқ. Эвакуация басталғалы бері құзыретті мемлекеттік органдардың, әуе компаниялардың, резиденттер мен резидент еместердің көмегімен 8585-тен астам қазақстандық елге қайтарылды", - деді ол.

Жақын күндері аймақтың бірнеше елінен Қазақстан азаматтарын эвакуациялаудың жаңа кезеңі дайындалып жатыр.
Жоспар бойынша шамамен:

Израильден — 78 адам;Қатардан — 350 адам;
БАӘ-ден — 550 адам;
Сауд Арабиясынан — 300 адамды елге қайтару көзделген.


"Бұл деректер өзгеруі мүмкін", - деді Жетібаев.

Министрлік өкілі эвакуация тек ұшақтармен ғана емес, Әзербайжан, Армения және Түрікменстан арқылы құрлық жолымен де жүргізіліп жатқанын айтты. Қақтығыс ушыға бастағаннан бері 8 мыңнан астам қазақстандық елге оралған.

"Жалпы Ираннан 66 азамат қайтарылды. Қазақстанның дипломатиялық өкілдері жергілікті жерде іс-қимылды үйлестіруді жалғастырып, отандастарымызбен тұрақты байланыста. Азаматтардан Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның шетелдегі өкілдіктерінің ресми хабарламаларын бақылап отыруды сұраймыз", - деп қосты ол.

Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарға аймақтағы бірқатар елге әскери әрекеттер тоқтап, жағдай толық тұрақталғанға дейін бармауға кеңес берді.
Бұл елдердің қатарында:

Бахрейн;
Мысыр;
Израиль;
Йемен;
Иордания;
Ирак;
Иран;Қатар;
Сауд Арабиясы;
Кувейт;
Ливан бар.


"Аймақта жүрген азаматтарымыздан жеке қауіпсіздік шараларын сақтап, қауіпті болуы мүмкін аудандарға бармауды, жергілікті биліктің нұсқауларын орындап, соның ішінде зымыран қаупі кезінде дереу баспанаға немесе паналау орнына баруды, сондай-ақ Қазақстанның шетелдегі мекемелерімен, туроператорлармен және әуе тасымалдаушылармен байланыста болуды сұраймыз", - деп хабарлады ведомство.

Ұсыныстарға қарамастан, кейбір азаматтар сапарын жалғастырып жатыр.

"Осыған байланысты азаматтарды жағдай тұрақталғанға дейін мұндай сапарларды жасамауға және жоспарламауға шақырамыз. Сондай-ақ бұл ақпаратты туыстарыңызға, достарыңыз бен таныстарыңызға барынша таратуды сұраймыз", - деп үндеу жасады Жетібаев.

Еске салайық, соңғы күндері Таяу Шығыстан эвакуациялық рейстермен Қазақстанға екі мыңнан астам адам оралды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Загрузка...

Читайте на сайте

Другие проекты от 123ru.net








































Другие популярные новости дня сегодня


123ru.net — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 123ru.net.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.



Новости 24/7 Все города России




Загрузка...


Топ 10 новостей последнего часа






Персональные новости

123ru.net — ежедневник главных новостей Вашего города и Вашего региона. 123ru.net - новости в деталях, свежий, незамыленный образ событий дня, аналитика минувших событий, прогнозы на будущее и непредвзятый взгляд на настоящее, как всегда, оперативно, честно, без купюр и цензуры каждый час, семь дней в неделю, 24 часа в сутки. Ещё больше местных городских новостей Вашего города — на порталах News-Life.pro и News24.pro. Полная лента региональных новостей на этот час — здесь. Самые свежие и популярные публикации событий в России и в мире сегодня - в ТОП-100 и на сайте Russia24.pro. С 2017 года проект 123ru.net стал мультиязычным и расширил свою аудиторию в мировом пространстве. Теперь нас читает не только русскоязычная аудитория и жители бывшего СССР, но и весь современный мир. 123ru.net - мир новостей без границ и цензуры в режиме реального времени. Каждую минуту - 123 самые горячие новости из городов и регионов. С нами Вы никогда не пропустите главное. А самым главным во все века остаётся "время" - наше и Ваше (у каждого - оно своё). Время - бесценно! Берегите и цените время. Здесь и сейчас — знакомства на 123ru.net. . Разместить свою новость локально в любом городе (и даже, на любом языке мира) можно ежесекундно (совершенно бесплатно) с мгновенной публикацией (без цензуры и модерации) самостоятельно - здесь.



Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net