Астана маңында бір отбасы мүшелері қатыгездікпен өлтірілген: не белгілі?
Мессенджерлерде бір отбасы мүшелері қатыгездікпен өлтірілгені туралы хабарлама тарады. Кейбір деректер бойынша, қылмысты ауыл тұрғыны жасаған.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі Tengrinews.kz редакциясының сұрауына берген жауапта, полицейлер күдіктіні ізін суытпай ұстағанын және ол уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.
"Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында", - деп хабарлады полиция.
Құрбандар саны әлі нақтыланып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды.
Суреттер: Tengrinews.kz/ Маржан Қуандықова
Жібек Жолы - Қазақстанның Ақмола облысы, Аршалы ауданындағы ауыл. Жібек Жолы ауылдық округіне кіреді. Астанадан шамамен 30 шақырым жерде орналасқан.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!