Қысқы Олимпиада-2026: 11 ақпандағы жарыс кестесі
Бүгін қазақстандықтар арасынан алғашқы болып шаңғы қоссайысынан Шыңғыс Рақпаров жарыс жолына шығады: 14:00-де ол үлкен трамплиннен секіру сынында өнер көрсетеді, ал 17:45-те жарысқа қатысады.
Фристайл-могул спортшылары Анастасия Городко, Аяулым Әмренова және Юлия Галышева 15:00-де екінші іріктеуде финалға жолдама үшін таласады. Егер келесі кезеңге өтсе, 18:15-те финалда жүлде үшін жарысады.
Сондай-ақ, 18:15-те 15 шақырымдық жеке жарысқа биатлоншылар Айша Рақышева мен Милана Генева қатысады.
Жарысты Qazaqstan, Qazsport, Хабар және Jibek Joly телеарналарынан көруге болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Kazakhstan Olympic Team (@olympickz)
Бұған дейін Қазақстан құрамасының мәнерлеп сырғанаудағы көшбасшысы Михаил Шайдоров Италиядағы Олимпиадада қысқа бағдарламадан кейін бесінші орынға тұрақтаған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!