Жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру
Заман талабына сәйкес жастардың құқықтық санасы мен мәдениетін арттыру – мемлекет алдындағы негізгі басым бағыттың бірі. Қоғамның дамуы ең алдымен оның мүшелерінің сана-сезімі мен жауапкершілігіне байланысты. Ата Заңды құрметтеп, оны берік сақтау, өз құқығы мен міндетін білу – өркениетті елдің басты қағидасы. Сондықтан жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру – өзекті мәселе.
Құқықтық мәдениет – адам мен қоғамның жалпы мәдениетінің бөлігі. Бұл тұрғыда құқықтық мәдениет, жалпы мәдениет сияқты, оның мазмұнының материалдық және рухани жақтарына ие. Сонымен қатар, ол «құқықтық жүйені біріктіретін және нәтижесінде оның қоғам мәдениетіндегі орнын анықтайтын құндылықтар мен идеялар ретінде әрекет етеді: «Адамды табиғат пен қоғамның демократиялық күштерінен қорғауға...