Пәкістан премьер-министрі Тоқаевты қарсы алды: суреттер жарияланды
Мемлекет басшысын Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф күтіп алды.
Қазақстан Президенті мен Пәкістан премьер-министрі суретке түскен соң екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалды. Содан кейін Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!