Добавить новость
World News in Kazakh





160*600

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Актуальные новости сегодня от ValueImpression.com


Опубликовать свою новость бесплатно - сейчас


Түркістан облысында Конституциялық реформаға байланысты мәжіліс өтті

Түркістан облысының әкімдігінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын талқылауға және түсіндіруге арналған мәжіліс өтті. Маңызды жиынға аудан әкімдері, басқармалар мен аумақтық органдардың басшылары, қоғамдық ұйымдар мен партиялар, жастар өкілдері қатысты.

Өңір активі бас қосқан мәжіліске Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров төрағалық етіп, елімізде аса маңызды саяси реформалар жүріп жатқанына, оның мемлекетті дамытудағы маңызына тоқталды.

"Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылдың қыркүйегіндегі Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына және саяси жүйесін кешенді жаңғыртулар енгізу мақсатында бір палаталы Парламент құру жөнінде бастама көтерді. Президенттің өкімімен Парламенттік реформаны іске асыру жөніндегі жұмыс тобы құрылды. 21 қаңтарда Конституцияға тиісті өзгерістер енгізу мақсатында арнайы комиссияның құрамы бекітілді. Комиссияға 130 адам кірді. Оның ішінде Ұлттық құрылтай мүшелері, құқық саласының танымал мамандары, бизнес өкілдері, қоғамдық ұйымдар мен құқық қорғау саласының қызметкерлері, сарапшылар, ғылыми және мәдени қауым өкілдері, Парламент депутаттары, мемлекеттік қызметшілер және барлық партиялардың өкілдері бар. Жаңа конституциялық реформаны талқылауларға еліміздің азаматтарына мүмкіндік беріліп, олар өз пікірлері мен ұсыныстарын e-Otinish және eGov порталдары арқылы жолдады. Жұмыс тобы азаматтардан түскен екі мыңнан астам ұсынысты жан-жақты қарап, талқылады. Конституциялық комиссия 77 бапқа түзетулер енгізіп, нәтижесінде Конституцияның жаңа жобасы 84 пайызға жаңартылуда. Ата заңның жаңа жобасы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына басымдық береді. Конституциялық реформа – бұл тек өзгеріс емес, бұл – елдің болашағын айқындайтын тарихи әрі маңызды қадам", – деген Нұралхан Көшеров әділеттілік пен заң үстемдігі – Конституцияның өзегіне айналғанын, сонымен қатар, "Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет" қағидаты нақты мазмұнмен толықтырылғанын атап өтті.


Басқару жүйесінің тұрақтылығы мен сабақтастығын қамтамасыз ету үшін вице-президент институты енгізіліп отыр. Бұл ел басқарудағы жауапкершілік пен ашықтықты күшейтуге мүмкіндік береді.
Жиында Конституциялық комиссияның мүшесі, Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов ел болашағы үшін жасалып отырған бұл ауқымды реформа халыққа әділетті жағдай жасап, мәдени-рухани дамуға жол ашып, еліміздің дамуына зор серпін беретінін жеткізді.

"Конституция преамбуласы толығымен жаңартылып, ұлттық мемлекеттілікті нығайтып, елдің идеялық бағдарын айқындайтын маңызды қадам ретінде ұсынылды. Преамбулада Қазақстанның біртұтас ұлт екенін көрсету, унитарлық құрылымын және аумақтық тұтастығын сақтау, "Әділетті Қазақстан" идеясы мен "Заң мен тәртіп" қағидаттары да ұсынылды. Сондай-ақ табиғатты қорғау, экологияны сақтау, мәдениет пен рухани құндылықтарды, ғылым мен білімді, инновацияларды дамыту Конституцияда қоғам мен мемлекеттің ортақ құндылығы ретінде көрініс тапты. Конституцияның адамның жеке басына қол сұқпаушылық, адамның негізгі құқықтарын қорғау және сот билігінің тәуелсіздігіне қатысты нормалары және Неке мен отбасы құндылықтары күшейтіледі", – деді ол.


Түркістан облысы әділет департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Ербекешов Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасындағы негізгі өзгерістер туралы айтып, басты құжатта халықтың рөлі айрықша күшейтілгенін мәлімдеді.

"Жоба кіріспеден, 11 бөлімнен, 95 баптан тұрады. Онда ел өміріне қажетті барлық маңызды тұстар қамтылған. Еліміздің өткенін дәріптейтін, бүгіні мен болашағына бағдар жасайтын жалпыұлттық құндылықтар көрініс тапқан. Жоба бойынша азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына берілетін кепілдіктер күшейтіліп, адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау конституциялық деңгейде бекітіледі. Цифрлық құқықтар мен жеке деректерді қорғау алғаш рет нақты көрсетіліп, әлеуметтік құқықтар мен мемлекеттің жауапкершілігі айқындалады. Бұл өзгерістер Конституцияның басты бағыты – мемлекет адам үшін қызмет етуге тиіс деген ұстанымды көрсетеді. Азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысу мүмкіндіктері кеңейтіледі. Ата Заңның жаңа жобасы мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртады және әділетті, ашық және құқықтық мемлекет құруға бағытталған", – деді Нұрлан Ербекешов.


AMANAT партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев Конституцияның жаңа жобасында Парламенттің рөлін күшейту, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нақты қорғау басты орынға қойылған баяндады. Конституция тармақтарының жаңа редакциясы жан-жақты әрі тиянақты пысықтаулардан өткенін, 145 депутаттан тұратын Құрылтайдың өкілеттіктері бекітілетінін, Қазақстанның Халық Кеңесі құрылатынын жеткізді.
Түркістан облысының Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов та Конституция жобасына қатысты ұсынысын жеткізіп, бастаманы қолдайтынын білдірді.
Суреттер: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Жиынды қорытындылаған Нұралхан Көшеров жаңа Конституция жобасы бойынша шешім республикалық референдумда қабылданатынын, Конституциялық реформа еліміздің саяси-құқықтық және қоғамдық дамуына оң серпін беретінін жеткізді.

Читайте на сайте

Другие проекты от 123ru.net








































Другие популярные новости дня сегодня


123ru.net — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 123ru.net.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.



Новости 24/7 Все города России




Загрузка...


Топ 10 новостей последнего часа






Персональные новости

123ru.net — ежедневник главных новостей Вашего города и Вашего региона. 123ru.net - новости в деталях, свежий, незамыленный образ событий дня, аналитика минувших событий, прогнозы на будущее и непредвзятый взгляд на настоящее, как всегда, оперативно, честно, без купюр и цензуры каждый час, семь дней в неделю, 24 часа в сутки. Ещё больше местных городских новостей Вашего города — на порталах News-Life.pro и News24.pro. Полная лента региональных новостей на этот час — здесь. Самые свежие и популярные публикации событий в России и в мире сегодня - в ТОП-100 и на сайте Russia24.pro. С 2017 года проект 123ru.net стал мультиязычным и расширил свою аудиторию в мировом пространстве. Теперь нас читает не только русскоязычная аудитория и жители бывшего СССР, но и весь современный мир. 123ru.net - мир новостей без границ и цензуры в режиме реального времени. Каждую минуту - 123 самые горячие новости из городов и регионов. С нами Вы никогда не пропустите главное. А самым главным во все века остаётся "время" - наше и Ваше (у каждого - оно своё). Время - бесценно! Берегите и цените время. Здесь и сейчас — знакомства на 123ru.net. . Разместить свою новость локально в любом городе (и даже, на любом языке мира) можно ежесекундно (совершенно бесплатно) с мгновенной публикацией (без цензуры и модерации) самостоятельно - здесь.



Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net