Қызылордадан — әлемдік ғылымға: әлемдегі жалғыз кванттық офтальмолог Мұхит Құлмағанбетов
"Қызылордадан — әлемдік ғылымға: әлемдегі жалғыз кванттық офтальмолог Мұхит Құлмағанбетов"
Өз ісіне адалдық пен жаңашылдыққа ұмтылыс – нағыз маманға тән қасиет. Осындай талаптарға толық сай келетін тұлғалардың бірі – дәрігер әрі жас ғалым Мұхит Құлмағанбетов. Ауылдан түлеп ұшқан қазақ жасының бүгінде әлемдік ғылым кеңістігінде танылып, Еуропаның жетекші жоғары оқу орындарының бірінде студенттерге дәріс оқуы – табандылық пен білімге деген шынайы құштарлықтың айқын дәлелі. Мұхит Құлмағанбетов халықаралық ғылыми қауымдастықта белсенді еңбек етіп, түрлі елдерде өтетін конференцияларда тың зерттеулерін ұсынып келеді. Ғылым мен медициналық тәжірибені қатар алып жүрген жас маманның басты мақсаты – адам денсаулығына қызмет ететін жаңа әрі тиімді шешімдер ұсыну....