Добавить новость
World News in Kazakh





160*600

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Актуальные новости сегодня от ValueImpression.com


Опубликовать свою новость бесплатно - сейчас


"Түбегейлі саяси өзгеріс болмайды". Құрылтайдағы ұсыныстар жайлы сарапшылар не дейді?

Азаттық Қызылордада өткен ұлттық құрылтайда айтылған негізгі саяси мәлімдемелерді сарапшылармен талқылады. Саясаттанушы Димаш Әлжанов Халық кеңесі саяси күшке ие болатын органға айналады десе, "Ортаазиялық демократияны дамыту" қорының директоры Толғанай Үмбетәлиева "саяси жүйеде үлкен өзгеріс болмайды" деп санайды.

20 қаңтарда Қызылордадағы Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше саяси өзгерісті жариялады. Болашақта жасақталатын бір палаталы парламент "Құрылтай" деп аталып, 145 депутаттан құрылады. Партия тізімімен сайланатын парламент бес жыл мерзімге жасақталмақ.

Қазақстан халқы ассамлеясы мен Ұлттық құрылтай жойылып, оның орнына Халық кеңесі құрылады. Халық кеңесінің жиыны жылына бір рет өтеді.

Елде вице-президент қызметі пайда болады. Вице-президентті парламент келісімімен президенттің өзі тағайындайды. Бұған қоса, мемлекеттік кеңесші қызметі жойылады.

Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс президент сайлауы өтеді деген норма Конституцияға енеді. Парламент реформасы және Конституцияға өзгеріс бойынша референдумның уақыты алдағы уақытта жарияланады. Ал бұл өзгерістермен жаңадан құрылатын Коституциялық комиссия айналысады.

"МӘСЕЛЕ БІР ПАЛАТАЛЫ ПАРЛАМЕНТ ҚҰРУМЕН ШЕКТЕЛМЕЙДІ"Саясаттанушы Димаш Әлжанов бұл мәлімдемелердің барлығы "болашақтағы реформалардың іргетасы" деп есептейді.

– Мәселе бір палаталы парламент құрумен ғана шектелмейді. Сонымен қатар заң шығару бастамасы құқығына ие болатын Халық кеңесі құрылмақ. Президент өкілетін күшейту тұрғысынан алғанда, бұл орган бұрынғы сенаттан да ықпалды болуы мүмкін. Себебі Халық кеңесінің құрамын толықтай президенттің өзі жасақтайды. Бұған қоса, вице-президент лауазымы енгізіледі. Яғни, президент мерзімінен бұрын қызметтен кеткен жағдайда, жаңа сайлау өткенге дейін мемлекет басшысының міндетін уақытша атқаратын тұлға осы вице-президент болуы ықтимал. Сонымен қатар Конституциялық комиссия құру жоспары да бар. Бұл алдағы уақытта тағы да конституциялық өзгерістер болуы мүмкін дегенді аңғартады. Жаңа Конституция қабылдана ма, әлде негізгі заңға ауқымды түзетулер енгізіле ме – оны уақыт көрсетеді. Бірақ бұл өзгерістердің бәрі әлі алда, – дейді Әлжанов Азаттыққа.

Ал қоғам белсендісі Рысбек Сәрсенбай "бір палаталы парламент құру идеясы дұрыс" деп санайды, бірақ парламентті толық партия тізімімен жасақтау идеясын қолдамайды.

- Бір палаталы парламент құру идеясын қолдадық. Орынды, дұрыс қажеттілік. Сенатты алып тастау жөнінде жиырма жылдан астам уақыт бойы мәселе көтеріліп келген. Бұл ақырында көпшілік пен қоғам табалының заңды әрі дұрыс екенін көрсетті. Бірақ бір палаталы парламентті тек партиялық тізіммен жасақтаймыз деп отыр, біз бұған қарсымыз. Себебі қазіргі бар партиялардың өзі билікті ашық сынай алмайды. Партиялардың парламенттегі 70 пайыздық үлесін 30 пайызға дейін азайтып, оның орнына бір мандатты округтен сайланатын депутаттардың үлесін көбейту керек, - дейді.

"САЯСИ РЕФОРМА ЖАСАЛАДЫ ДЕУГЕ КЕЛМЕЙДІ"Саясаттанушы, "Ортаазиялық демократияны дамыту" қорының директоры Толғанай Үмбетәлиева Тоқаевтың ұсыныстары "саяси жүйеге үлкен өзгеріс әкелмейді" деп санайды.

- Вице-президент лауазымы не үшін керек болды? Меніңше, бір палаталы парламент болған кезде сенат спикері деген лауазым болмайды. Сондықтан сол сенат спикері атқанған жұмыстарды енді вице-президент атқарады. Менің ойымша, сол үшін вице-президент деген функция керек болды, - дейді ол.

Азаттық: Президент Тоқаев вице-президент лауазымын енгізу арқылы өзінен кейінгі ізбасарын дайындап, таңдап жатыр деп күдіктенуге бола ма?

Толғанай Үмбетәлиева: Ондай да болуы мүмкін. Яғни, қандай да бір форс-мажор жағдай болса, мысалы президент денсаулығына байланысты мерзімінен бұрын президенттіктен кетіп жатса, оның орнына вице-президент келуі керек. Меніңше, вице-президент лауазымын сол үшін қарастырып жатыр.

Азаттық: Құрылтайда айтылған тағы бір жаңалық, Конституциялық комиссия құрылатын болды. Бұл комиссия қазіргі Конституцияға енетін өзгерістерді талқыламақ. Тоқаевтің сөзінше, бұл өзгерістер жаңа Конституция қабылдаумен бірдей болады. Ақорда қазіргі қолданыстағы Конституциядан толық бас тартып, жаңа Конституция қабылдауды деп жоспарлап жатқан жоқ.

Толғанай Үмбетәлиева: Жоқ, олай деп ойламаймын. Қазіргі қос палаталы парламент бір палаталы болатындықтан Конституцияға өзгеріс енгізу керек. Ал президент пен үкіметке ешқандай өзгеріс енгізілмейді. Сондықтан Конституция толық өзгереді деп айта алмаймын. Соншалықты үлкен саяси реформа болады деуге келмейді. Ұлттық құрылтайда Тоқаев айтқан ұсыныстарға қарағанда, Конституцияға тек техникалық өзгерістер енгізіледі. Сондықтан бүкіл Конституция өзгеріп жатыр, жаңа Конституция болады деп айта алмаймын.

Азаттық: Ұлттық құрылтайда Тоқаев Қазақстан халқы ассамблеясы мен Ұлттық құрылтай деген органдардың жұмысы тоқтайды деді. Оның орнына Халық кеңесі деген орган құрылады. Кеңестің 126 мүшесі болады, бәрін президент тағайындайды. Бұған да Қазақстандағы басқа ұлт өкілдерінен адамдар кіреді деді. Бұл "Қазақстан халқы ассамблеясы" деген бұрынғы атаудан бас тарту ғана болып шықпай ма?

Толғанай Үмбетәлиева: Бұл жағы түсінікіз болып тұр. Меніңше, Ассамблея мен Ұлттық құрылтайды қосып жатыр. Бірақ саяси жүйеге келсек, Халық кеңесінің ешқандай мүмкіншілігі жоқ, консультативті орган болып қалады деп ойлаймын. Яғни, Халық кеңесі қазіргі саяси жүйеге ешқандай өзгеріс әкелмейді.

Азаттық: Тоқаевтың сөзінше, болашақ бір палаталы парламентке президент депутат тағайындамайды. Ассамблея атынан да сайлаусыз қосылатын депутаттар болмайды. Бұл өзгерісті қалай бағалауға болады?

Толғанай Үмбетәлиева: Президент пен парламент арасындағы қарым-қатынасты реттеп отыратын басқа да механизмдер болады деп ойлаймын. Яғни, саяси салмақтарды теңестіріп, бақылап отыратын жүйе болатын шығар. Бұрын президент парламент өзіне қарсы шықпас үшін ассамблея арқылы және өзі тағайындаған депутаттар арқылы [парламентті] бақылап отыратын. Меніңше, жаңадан құрылатын Конституциялық комиссия басқа механизм я ереже ойлап табуы мүмкін.

Азаттық: Екі палаталы парламент бір палаталы парламентке ауысатын болды. Қазақстан халқы ассамблея деген орган жойылады, вице-президент деген лауазым пайда болады. Қалай ойлайсыз, мұны Тоқаевтың өзіне дейінгі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қалдырып кеткен мұрасынан арылуы деп бағалауға бола ма?

Толғанай Үмбетәлиева: Жоқ, олай болмайды. Президенттік жүйе әрі қарай жұмыс істей береді. Парламент пен үкімет арасында үлкен өзгеріс жоқ, тек сенаттан бас тартты. Сондықтан Назарбаевтың қалдырған саяси мұрасында өзгеріс болып жатқан жоқ. Себебі түбегейлі саяси өзгеріс болмайды. Вице-президент деген лауазым Назарбаев кезінде де болды. (1991 жылғы 1 желтоқсанда халық алғаш рет төте дауыс беру жолымен президент сайлаған кезде, оның ресми қорытындысы бойынша, Қазақ ССР президенті лауазымына Нұрсұлтан Назарбаев, вице-президент болып Ерік Асанбаев сайланған. Асанбаев Қазақстанның алғашқы әрі осы уақытқа дейінгі соңғы вице-президенті болды. 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Конституцияда вице-президент лауазымы қысқарып қалды.)

Азаттық: Президент Тоқаев құрылтайда демократиялық құндылықтар туралы айтқан жоқ. Саяси реформалар, саяси өзгерістер туралы айтты, бірақ адам құқығы, демократиялық құндылықтар туралы, сөз бостандығы мен азаматтық қоғам туралы кеңірек тоқталған жоқ. Неге бұлай деп ойлайсыз?

Толғанай Үмбетәлиева: Құрылтайда адам құқығы мен сөз бостандығы туралы айтып кетсе, бұл шындыққа жанаспай қалады. Себебі елде адам құқығы, сөз бостандығында өзгерістер жоқ, керісінше кері кетіп барады. Бұрын елде сәл де болса бостандық бар еді, қазір сол бостандықтар жойылып жатыр. Екіншіден, демократия құндылықтары Батыс елдерінде де қиын жағдайға тап болды. Халықаралық тренд солай болып тұр. Бұл да Тоқаевқа әсер еткен шығар. Бұл тақырып қазір маңызды болмай барады, әр ел өзінің мәселелерімен айналысып кетті. Адам құқығы, демократия қазір бірінші орында тұрған жоқ.




Загрузка...

Читайте на сайте

Другие проекты от 123ru.net








































Другие популярные новости дня сегодня


123ru.net — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 123ru.net.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.



Новости 24/7 Все города России




Загрузка...


Топ 10 новостей последнего часа






Персональные новости

123ru.net — ежедневник главных новостей Вашего города и Вашего региона. 123ru.net - новости в деталях, свежий, незамыленный образ событий дня, аналитика минувших событий, прогнозы на будущее и непредвзятый взгляд на настоящее, как всегда, оперативно, честно, без купюр и цензуры каждый час, семь дней в неделю, 24 часа в сутки. Ещё больше местных городских новостей Вашего города — на порталах News-Life.pro и News24.pro. Полная лента региональных новостей на этот час — здесь. Самые свежие и популярные публикации событий в России и в мире сегодня - в ТОП-100 и на сайте Russia24.pro. С 2017 года проект 123ru.net стал мультиязычным и расширил свою аудиторию в мировом пространстве. Теперь нас читает не только русскоязычная аудитория и жители бывшего СССР, но и весь современный мир. 123ru.net - мир новостей без границ и цензуры в режиме реального времени. Каждую минуту - 123 самые горячие новости из городов и регионов. С нами Вы никогда не пропустите главное. А самым главным во все века остаётся "время" - наше и Ваше (у каждого - оно своё). Время - бесценно! Берегите и цените время. Здесь и сейчас — знакомства на 123ru.net. . Разместить свою новость локально в любом городе (и даже, на любом языке мира) можно ежесекундно (совершенно бесплатно) с мгновенной публикацией (без цензуры и модерации) самостоятельно - здесь.



Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net