ГОГОЛЬДІҢ «ӨЛІ ЖАНДАРЫ» ҚАЗІР ДЕ ТІРІ
Гогольдің «Өлі жандары» – ескі Ресей туралы роман сияқты көрінгенімен, шын мәнінде бүкіл адамзаттың дертін әшкерелейтін айна. Оны бүгін оқысаң, кей беттері газет жаңалығындай, кей кейіпкерлері көрші ауылдан шыққандай әсер береді.
Гоголь бір ғана сұмдықты көрсетті: адам тірі болса да – өлі, ал өлі болса да – есепте тірі. Чичиков не істеді? Ол зираттағы адамдарды емес, қағаздағы адамдарды сатып алды. Адам емес – аты. Тұлға емес – тіркеу. Жан емес – статистика. Өйткені жүйе үшін адам емес, тізім маңызды еді.
Ал қазір бізде қалай? Бізде де «өлі жандар» бар. Олар зиратта емес – мектепте, ауруханада, мекемеде, бюджетте, жобада, сайлауда жүреді....