Қазақстандық теннисші Александр Бублик Гонконг турнирінде топ жарды
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Гонконгте өткен ATP-250 санатына енетін турнирде жеңіске жетіп, келесі аптадан бастап ATP рейтингінде 10-орынға көтеріледі. Қазақстан теннисшісі Гонконгтегі турнир алдында рейтингте 11-орында тұрған. Жарыстағы жеңісінің арқасында рейтингідегі ұпайын көбейтті.
Осылайша Бублик ерлер арасында әлемдік рейтингіде үздік ондыққа енетін алғашқы қазақстандық теннисші болмақ. Бұл – Қазақстан спорты үшін тарихи көрсеткіш.
Бублик Гонконгтегі турнирдің финалында италиялық Лоренсо Музеттиді (әлемдік рейтингте 7-орында тұр) екі сетте жеңді – 7:6 (7:2), 6:3.
Әйелдер арасында Елена Рыбакина қазір WTA рейтингінде үздік ондыққа енген. Рыбакина әлемдік рейтингіде бесінші орында тұр.
Рыбакина мен Бублик Ресейде туған, он шақты жыл бұрын Қазақстан азаматтығын алған еді.
Қазақстан теннисшілері енді жылдың алғашқы Grand Slam турнирі Australian Open турниріне қатысады. Бұл жарыс 18 қаңтарда басталады.