Алматы маңындағы жантүршігерлік жол апаты: жансақтауда жатқан үндістандық студент қаза тапты
Айта кетейік, жол апатынан Toyota Alphard автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі және тағы екі үндістандық студент қаза тапқан болатын. Тағы үшеуі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылған еді.
Ресми мәлімет бойынша, қайғылы жағдай салдарынан 2026 жылы 6 қаңтардан бері жансақтау бөлімінде жатқан Рахул Ядав (13 наурыз 2001 жылы туған) бүгін таңертең қайтыс болған.
"Оның мәйітін тасымалдау бойынша ұйымдастыру жұмыстары жургізіліп жатыр. Осы апатта қаза тапқан тағы екі үндістандық студент - Каран Пармар мен Риширадж Байраттың денелері бугін Үндістанға жөнелтілді", - делінген хабарламада.
Мән-жайы
Еске салайық, Үндістанның Астанадағы елшілігі қайғылы оқиғаның 6 қаңтарда болғанын хабарлаған еді. Дипломатиялық өкілдік мәліметінше, көлікте Үндістанның бес азаматы болған — олардың төртеуі Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясының студенттері, ал біреуі турист. Олар Шымкенттен Алматыға қарай жолға шыққан.
Полиция мәліметінше, Алматы – Бішкек тасжолының 86-шақырымында болған ЖКО дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!