Дәріханалардағы фармацевтикалық қызмет сапасын арттыру және пациент қауіпсіздігі
Тұрақты даму мақсаттарының 3-мақсаты – халықтың барлық жас топтары үшін салауатты өмір салтын қалыптастыру мен әл-ауқатын арттыруды көздесе, 16-мақсаты бейбітшілікке, әділдікке және тиімді институттардың дамуына бағытталған. Осы екі мақсаттың өзара тоғысатын маңызды алаңы – дәріхананың күнделікті қызметі болып табылады. Дәрілік заттарды дұрыс және қауіпсіз босату, пациентке түсінікті әрі жауапты кеңес беру, қауіпсіздік мәдениетін орнықтыру және пациент құқықтарын сақтау – фармацевтің кәсіби қызметінің ажырамас бөлігі.
Бүгінгі таңда пациент қауіпсіздігі дегеніміз тек «қате жібермеу» ғана емес. Бұл – дәрілік терапияның тиімді әрі қауіпсіз өтуіне әсер ететін бүкіл тізбектің сенімділігі: дәріні таңдаудан бастап, оны сақтау, босату, қолдану тәртібін түсіндіру, жанама әсерді бақылауға дейінгі...