Orda: әлдекімдер кеңсеге жерлеу рәсіміне арналған гүл шоғы мен бас редактордың суретін тастап кеткен
27 желтоқсанда Orda сайты әлдекімдер кеңсе есігінің алдына жерлеу рәсіміне арналған гүл шоғы мен бас редактордың суретін тастап кеткенін хабарлады.
Редакция мұны 27 желтоқсанда кешке хабарлады. Оrda жариялаған суретте гүл шоғы арасынан “қайғырамыз” деген жазуы бар лента да көрінеді.
“Оқиға редакцияға қысым жалғасып жатқан тұста болды. Гүлнар Бажкенованың қайтыс болғаны туралы жалған хабарламалар бұған дейін интернетте таралып, тек журналистерге ғана емес, сонымен қатар оқырмандарымызға да жеткен болатын” деп жазылған хабарламада.
1 желтоқсанда полиция Orda.kz сайтының Алматыдағы редакциясы мен бас редакторы Гүлнәр Бажкенованың үйінде тінту жүргізіп, ізінше Бажкенова "көпе-көрнеу жалған ақпарат тарату" күдігімен екі айға үйқамаққа алынған. Редакцияның бірнеше қызметкері тергеуден кейін босатылған.
Бұған дейін халықаралық ұйымдар араша түскен. "Журналистерді қорғау комитеті" Қазақстан билігін "Орда" сайтының бас редакторы Гүлнәр Бажкеноваға тағылған айыпты алып тастап, басылымның еркін жұмыс істеуіне жағдай жасауға шақырған.