Жастар арасында сәнге айналған латяо
Латяо- сыртқы пішіні кішкене шұжыққа немесе ет жолақтарына ұқсайтын тағам. Ол көбінесе соя ақуызынан (өсімдік негізіндегі протеин) жасалады. Өнім өте ащы, иісі өткір, тым майлы және құрамында түрлі дәмдеуіштер мен консерванттар кездеседі. Қаптамасы түрлі-түсті, көз тартатын дизайнда жасалған, сондықтан балалар мен жасөспірімдердің назарын бірден аударады.
...