Парламент депутаттары каникулға кетті
![Парламент депутаттары каникулға кетті](https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360649/thumb_b/photo_122974.jpeg)
Ерлан Қошанов сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті екінші сессиясының жабылуы және парламенттік каникул туралы қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 6-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Парламенті Регламентінің 2 және 4-тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасының Парламенті қаулы етеді:
Сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің екінші сессиясы жабылды деп есептелсін.
2024 жылғы 1 шілде – 1 қыркүйек аралығы парламенттік каникул деп жариялансын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!