Абылайдың іздеттіруі
Абылай да Ескелдіні ес тұтқан. Бірде қалмақ басқыншылары жауынгерлерінің жойқындығын, дүбірлі екендігін сезген Абылай сарбаздарына:
— Қыспаққа түскелі тұрмыз-ау, бас көтерер ер азаматты түгел жинаңдар. Осы маңда өзі батыр, өзі мерген, ақылы алғыр, сөзге шешен, елге көсем, ұлы жүз Жалайырының Ескелді атты азаматы бар. Сол батырды алдырып, бір жасаққа қолбасы жасаңдар, — деп нұсқау береді.
Ескелдінің де тепсе темір үзетін, айбынданса, орда бұзатын кезі екен. Абылай хан қолқа салған соң, Ескелді қаптаған жау жасағына тойтарыс беруге бірден аттанады. Қалмақтардың алғы тобының қалың шебіне қырғидай тиіп, бекіністерін талқандап, жеңіске жетеді.
Ескелді бастаған ел қорғаушылар Іле, Бақанас бойында да жоңғарлардың жойқын күшіне...