Дөрекі мемқызметкер, жалған ақпарат пен журналист мәртебесі – Ақпарат министрлігі түйткілдердің шешімін атады
![Дөрекі мемқызметкер, жалған ақпарат пен журналист мәртебесі – Ақпарат министрлігі түйткілдердің шешімін атады](https://www.inform.kz/radmin/news/2023/01/20/230120131221300e.png)
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін елордада өңірлік мерзімді басылымдар форумы басталды. Ол екі күнге созылады. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан шарға еліміздің әр өңірінен 200-ден астам делегат шақырылған. Ведомство ұсынған талқы алаңында өңірлік БАҚ-ты дамыту, журналистің ықпалы мен мәртебесі, газеттегі жарнама және монетизация әдістері және БАҚ-та балалар контентін қалыптастыру сияқты мәселелер көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.