Өткен жылы 26 мыңға жуық жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылды
![Өткен жылы 26 мыңға жуық жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылды](https://www.inform.kz/radmin/news/2021/01/25/210125123316112e.jpg)
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылы 26 мыңға жуық жүргізуші көлік жүргізу құқынан айырылды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.