Алматыдағы митингіде саяси реформа мен саяси тұтқындарды босатуды талап етті
Алматыдағы Шоқан Уәлиханов ескерткішінің алдында елде саяси реформалар жасап, саяси-қуғын-сүргінді тоқтату талабымен ұйымдастырылған митингіге жүздеген адам жиналды. Алматы әкімдігі құқық қорғаушылар Бақытжан Төреғожина мен Ғалым Ағелеуовтің бейбіт жиын өткізуіне келісім берген.