Добавить новость
World News in Kazakh





160*600

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Актуальные новости сегодня от ValueImpression.com


Опубликовать свою новость бесплатно - сейчас


<
>

Кеңес Рақышев пен Джо Байденнің ұлы және әлемдік БАҚ-тың "Борат-2" туралы пікірі

Кеңес Рақышев пен Джо Байденнің ұлы және әлемдік БАҚ-тың

Осы аптада әлем басылымдарының назарына Иманғали Тасмағамбетовтың күйеубаласы Кеңес Рақышевтің АҚШ президенті сайлауына түсіп отырған демократ Джо Байденнің ұлымен қарым-қатынасы және көптеген қазақстандықтың шамына тиген "Борат-2" фильмі түсті. Сондай-ақ Jamestown Foundation орталығы Қытайдың Орталық Азиядағы мүддесін әскери контингентімен қуаттау ықтималдығы туралы зерттеу жариялады. Зерттеуде қазақ-қытай қатынасы талданған.

"ДЕСПОТ ПРЕЗИДЕНТКЕ ЖАҚЫН ӘУЛЕТТЕН ШЫҚҚАН ОЛИГАРХ" ПЕН АҚШ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІНІҢ БАЛАСЫ

АҚШ-тағы президент сайлауы қарсаңындағы дау-дамайда Қазақстан жиі атала бастады. Басылымдар демократиялық партия атынан АҚШ президенті сайлауына түсіп отырған Джо Байденнің ұлы Хантерді "жемқорлық жайлаған клептократиялық елдердің олигархтарымен" күмәнді бизнес жасап жүр" деп айыптады. Іске тіпті сайлау додасына қайта түсіп жатқан президент Дональд Трамп араласты.

Британдық Daily Mail басылымының жазуынша, "көптен бері шетелде аса табысты, бірақ этикалық тұрғыда күмәнді бизнеспен айналысып, кейде тіпті Джо Байденнің ресми қызметіне мүдделер қайшылығын туғызып жүрген" Хантер Байден 2012-2014 жылдары қазақстандық "олигарх" Кеңес Рақышевтің АҚШ-қа инвестиция салуына көмектесіп, "делдал" болған. Ал осы уақытта оның әкесі президент Барак Обама әкімшілігінде АҚШ-тың вице-президенті қызметін атқарған.

 

Басылымның жазуынша, бұл мәлімет Хантер Байденнің былтыр Делавэрдегі компьютер жөндейтін жерге тастап кеткен ноутбугында сақталған хаттардан алынған. Ноутбуктың қатқыл дискісін Дональд Трамптың жеке заңгері, Нью-Йорктің бұрынғы мэрі Руди Джулиани New York Post басылымына берген.

New York Post Байден мен Рақышевтің хаттары туралы ақпаратпен қоса, әкелі-балалы Байдендердің Кеңес Рақышевпен және Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі (қазіргі Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы) Кәрім Мәсімовпен түсті деген суретін жариялады. Бірақ газет Kazakhstani Initiative on Asset Recovery сайтынан алған бұл фотоның рас-өтірігін анықтай алмағанын ескертеді.

 

Daily Mail-дың жазуынша, Хантер Байден "еліндегі бұрынғы деспот президент Нұрсұлтан Назарбаевтың клептократиялық режимімен отбасылық байланысы бар" Кеңес Рақышевпен көп рет кездескен. Байден Рақышевті Невададағы тау-кен компаниясын сатып алуға көндірмек болған. Ақырында олар демократ-сенатор Джон Керридің қызы Александра Форбс Керримен бірге миллион доллар инвестиция салуға келіскен.

Басылымның жазуына қарағанда, Кеңес Рақышев Хантер Байденге хат жазғанда оны "басқа анадан туған бауырым" деп атаған. Байден де Қазақстан астанасына барып, бизнес мақсатында кездесулер өткізген. Рақышевтің өзіне тоқталған басылым ел астанасының әкімі, қорғаныс министрі, премьер-министрдің орынбасары сияқты лауазымды қызметтер атқарған Иманғали Тасмағамбетовтің күйеубаласы екенін жазған (Тасмағамбетов премьер-министр, мемлекеттік хатшы сияқты бұдан да жоғары лауазымдарда болған – ред.).

 

Басылымның жазуынша, Рақышев 2008 жылы Ұлыбританияда "олигарх досы" Тимур Құлыбаевқа Британ Виргин аралдарында орналасқан фирманың көмегімен принц Эндрюдің Виндзордағы Sunninghill Park зәулім үйін сұраған бағасынан 3 миллион фунтқа қымбаттатып, 15 миллион фунт-стерлингке сатып алуға жәрдемдескенімен әйгілі болған. Ал Құлыбаев – "Қазақстанды жиырма жылдан астам (отыз жылға жуық – ред.) уақыт басқарып, оны әлемдегі жемқорлыққа ең қатты батқан клептократияға айналдырған Назарбаевтың күйеубаласы" деп жазады Daily Mail.

332 миллион доллардай активі бар Рақышев 2012 жылы Forbes журналының Қазақстанның Top-15 "ең ықпалды магнаттарының" тізіміне енген. "Үлкен байлығы бар басқа олигархтар сияқты Рақышев қазір оны орналастыратын қауіпсіз жер іздеп жатыр" деп жазады басылым. Дегенмен, "ережеге бағынатын батыс капитализмі әлемінде Рақышев "көгілдір фишкалы" инвестициялық әріптестері қолма-қол ақшасын алғысы келмейтінін байқады" деп жазады Daily Mail. Мәселен, Дүниежүзілік банктің еншілес мекемесі саналатын "үлкен беделге ие" Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) онымен жұмыс істеуден бас тартқан. Басылымның жазуынша, "ашуланған Рақышев бұл ұйым Қазақстанда ешкіммен жұмыс істей алмайтындай етемін" деген.

Мұның алдында Джо Байденге қарсы сайлауға түсіп жатқан президент Дональд Трамп бас прокурор Билл Баррдан "жедел қимылдап", бұл істі тергейтін адамды тағайындауды талап етті. "Бұл үлкен жемқорлықтың бетін ашып тұр" деген президент істің сайлаудан бұрын тергелуі керек екенін айтты" деп жазады Daily Mail.

2019 жылы АҚШ президенті Дональд Трамп қызмет бабын пайдаланып, Украинаның жаңа сайланған президенті Владимир Зеленскийге Хантер Байденге қатысты елде қозғалған істі қайта қолға алуды сұрап, қысым жасады деген дауға қалған. Мұның соңы конгрестегі импичмент процедурасына ұласып, ақырында Трамп ақталып шыққан.

"ҚЫТАЙ 20 ЖЫЛДА ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫНДА ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАН РЕСЕЙДІ ЫҒЫСТЫРАДЫ"

АҚШ-тағы Jamestown Foundation зерттеу орталығы Қытайдың Орталық Азия елдеріне саясат және қауіпсіздік тұрғысынан ықпалын саралайтын China Brief талдауының үшінші бөлімін жариялады. Онда автор Сергей Суханкин "көптен бері Ресейдің қауіпсіздік шатырының астында болған Орталық Азия біртіндеп Мәскеуден алыстап, Пекинге жақындап барады" деген қорытынды жасайды.

"Көршілеріне экономикалық тұрғыдан шектен тыс үстемдік етіп, "жұмсақ күшін" арттырған Қытайдың алдағы жиырма жылда Орталық Азиядағы саясатының қауіпсіздік векторын да күшейткенінің куәсі болып қаламыз" дейді Суханкин зерттеуінде.

Зерттеушінің сөзінше, Қытай Қазақстандағы синофобиядан жақсы хабардар, сондықтан әскери ынтымақтастықты ашық жариялауға құлықсыз. Бірақ бұл Пекин қауіпсіздік саласында Нұр-Сұлтаннан аяғын тартып отыр дегенді білдірмейді:

"... Қытай аймақтағы қауіпсіздік істеріне көп араласқанына қарсылықтың күшейгенінен жақсы хабардар. Сондықтан, ол экономикаға басымдық беріп, әскери (я жартылай әскери) қарым-қатынасты екінші орынға ысырмақ" дейді автор. "Пекин қауіпсіздік төңірегіндегі әрекеттерін үкіметаралық деңгейде күшейте бермек".

 

Суханкиннің жазуынша, Қытайдың жекеменшік қауіпсіздік компаниялары және басқа да жартылай мемлекеттік акторлары Қазақстанда жергілікті кеңселерін ашпастан жұмыс істей береді, ал Пекинге экономикалық жағынан тым тәуелді елдер – Тәжікстан мен Қырғызстанда пилоттық жобаларын бастайды.

 

Зерттеуде сондай-ақ Қазақстан мен Қытайдың 2002 жылдан бері 16 антитеррористік әскери жаттығуын өткізгені, 2019 жылы өткен жаттығуда Қытайдың Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданынан "мигрант жұмысшы кейпінде Қазақстанға өткен террористік топтарды пилотсыз ұшу аппаратының көмегімен тауып, ұстап, жою" операциясын сынағаны және Қытай мен Қазақстанның әскери оқу орындарының арасында академиялық алыс-берістің артқаны жазылған.

Суханкиннің айтуынша, Қытай мен Қазақстан арасындағы қару саудасы да қарқын алып келеді. Қазақстан Wing Loong-1 атыс дроны сияқты заманауи құралдарды, Ресейдің "AН-12" ұшақтарын алмастыратын Қытайдың жаңа платформаларын алған. Сөйтіп, "Қазақстанның қару сататын басты әріптесі саналатын Ресейді Қытай ығыстырып жатқанға ұқсайды" дейді автор.

Ең қызық тұсы – инфрақұрылым жобалары аясында аймаққа Қытайдың жартылай әскери ұйымдары келе бастаған. Мәселен, Xinjiang Shengchan Jianshe Bingtuan жартылай әскери мемлекеттік мекемесі "Бір белдеу – бір жол" инвестициялық жобасына қатысу үшін қызмет түрін өзгерткен. Оның үстіне, Қырғызстаннан филиалын ашып үлгерген Гонконгтағы Zhongjun Junhong сияқты жекеменшік қауіпсіздік компаниялары Қазақстанға да аяқ басуы мүмкін деген болжамдар бар дейді автор. Бұл компания Қырғызстанда қару пайдалануға лицензия алып, елдегі инфрақұрылым нысандары мен кен орындарын күзетке алған.

"БОРАТ-2 – АҚШ-ТАҒЫ САЙЛАУ ТУРАЛЫ ФИЛЬМ"

23 қазанда ойдан шығарылған қазақ журналисі Борат Сағдиевтің күлкілі оқиғаларын баяндайтын "Борат – екінші фильм: Қазақстан ұлтының пайдасы үшін америкалық режимге пара беру" фильмінің Amazon Prime сайтында премьерасы өтті. Премьера қарсаңында әлемнің әр түкпірінде тосын жарнамалық шаралар ұйымдастырылды. Австралияның Сидней қаласындағы ең әйгілі жағажайына "манкини" (Борат кейіпкерінің лыпасы – ред.) киімін киген жартылай жалаңаш еркектер жиналып, басты рөлде ойнаған актер Саша Барон Коэннің алып "мүсіні" қойылды. Perth Now сайтының жазуынша, премьерадан бір күн бұрын болған шара "өте сәтті өткен". "Борат паригі" мен маскасын" киген 40 ер адам жағажайда "манкини-йога" ұйымдастырған. Бұған қоса, әуеден Бораттың алып мүсіні түсірілген. "Әлемдегі ең әйгілі қазақстандықтың сүлгі жамылып, күлкілі кейіпте отырған 6 метрлік мүсіні үлкен болғаны сондай, оны Mackenzie Point жағажайына әуемен алып келуге тура келген".

 

 

Ал Лондондағы Темза өзенінде Бораттың шардан жасалған үлкен мүсіні баржаның үстінде жүзіп өтті. Бұл көріністі "миллиондаған лондондық тамашалады" деп жазады Forbes. Amazon Prime Video-ның Ұлыбританиядағы Twitter аккаунты "Borat’s johnson spotted floating down the Thames" (Борат Джонсон Темзаның үстінде қалқып барады) деген туит жазып, Британия премьер-министрі Борис Джонсонды меңзеп әзілдеді.

"Борат-2" фильмінде мазаққа қалған адамдардың бірі – Нью-Йорктің бұрынғы мэрі, қазіргі АҚШ президентінің жеке адвокаты Руди Джулиани. Фильмдегі бір көріністе Джулиани журналистің көзінше шалбарына қолын салады. Британдық Guardian басылымының жазуынша, өзін консервативтік жаңалықтар бағдарламасының журналисімін деп таныстырған әйел қонақүйдің бөлмесінде Джулианиден сұхбат алған. Сұхбат біткен кезде бөлмеге "Борат" кіріп келіп: "Ол 15 жаста, ол сен үшін тым кәрі" деп айқайлайды.

Бұл көріністің фильмге еніп кеткеніне шамданған Джулиани қандай да бір ерсі қылыққа барғанын жоққа шығарды. "Бұл фильм – шылғи өтірік. Видео жазу құрылғысын өшірген соң көйлегімнің етегін жөндедім, бары – сол" деп жазды ол Twitter парақшасында.

 

Британ басылымы Республикалық партиядағы белді өкілдердің бірі – Руди Джулианидің мұндай ерсі кейіпте көрінуін қарсыластардың сайлау алдындағы қаралау әрекеті деп бағалайды. Мұнда да демократ-кандидат Байденнің баласы Хантерге тиесілі деген ноутбуктың қатқыл дискі сөз болады. "Оның Ақ үй үшін таластағы Трамптың бәсекелесіне компромат жинау әрекетін ескерсек, фильмдегі ыңғайсыз кадрлер Джулианиге сенімді азайту деп бағалауға болады. Сайлауға екі аптадан аз уақытта Amazon Prime-да шыққан фильм көрерменді дауыс беруге үндеумен аяқталады" деп жазады Guardian.

"АМЕРИКАНЫҢ ӨМІРІ ТУРАЛЫ" ЖӘНЕ "НАҚТЫ САЯСИ МАҚСАТПЕН" ТҮСІРІЛГЕН САТИРАЛЫҚ КИНО

Қазақстан азаматтарының қарсылығына ұшырап, наразылық пен жаппай петицияға себеп болып жатқан "Борат-2" фильмі туралы алғашқы шолулар да шықты.

"Борат: даңқты Қазақстанның игілігі үшін Американы мәдени тұрғыдан тану" фильміндегі Борат рөлін ойнаған Барон Коэн 2006 жылы елді кезіп жүргенде, оның кейіпкерінің шектен шыққан антисемитизмі, әйелдерді кемсітуі және нәсілшілдігі барлық жердегі керітартпалық атаулыны қоздырған. Оның комедиясы Барон Коэннің гонзо әрекетін қайталауға әзір тұрған жасырын да қорқынышты Американы ашып көрсеткен. Арада он төрт жыл өткенде бұл ескішілдік байқалмайды. Борат өз орнын тауып тұр" деп жазады Associated Press шолушысы.

 

Автордың жазуынша, алдыңғы фильмде "Қазақстанды масқаралағаны үшін ГУЛАГ-қа қамалған" Борат Трампқа сыйлық апару миссиясымен уақытша босатылады. Сөйтіп ол Трамптың серігі, "Американың ең әйгілі серісі" – вице-президент Майк Пенсті іздеп шығады. Осы жолда ол кәдімгі өмірдегі кейіпкерлермен кездесіп, түрлі күлкілі оқиғаларға тап болады, тіпті кей жерлерде ақылға сыймайтын қылықтар істейді.

"Бораттың шытырмандарынан соң әдетте сот процестері көп болады, бұл жолы да солай болатын шығар. Қазірдің өзінде оны сотқа бергендер бар. Бірақ бұл жолы кешірім сұрау, халық алдында ақталу аз болатын шығар. Борат ашып көрсеткен жайттарды әлеуметтік желіден, газеттердің бірінші беттерінен көруге болады" деп қорытады автор.

"Борат тағы бір көз салу үшін АҚШ-қа қайтып оралған Алексис де Токвиль (19 ғасырда АҚШ-қа саяхаттап, "Америкадағы демократия" деген кітап жазған француз саясаткері – ред.) тәрізді" деп жазады Associated Press.

Ал ВВС шолушысы Николас Барбер бұл туындының көркемдік деңгейі алдыңғы "Бораттан" әлдеқайда нашар деп сипаттайды. "Бораттың екінші фильмі алдыңғысы сияқты күлкілі емес. Әзіл әрекеттері көбіне ұзақ та іш пыстырарлық, қызықсыз әрі дөрекі. Жалаңаш жүріп күресудің қисынсыздығынан, балмұздақ салатын көліктің артына аю салып алудың ақымақтығынан артық не бар? Дегенмен, соңына дейін шыдаңыз, фильмнің соңғы жарты сағатында тамаша дүниелер бар, оны көруге тұратын дүние ететін де осы шығар" дейді автор.

"Нақты саяси мақсатпен түсірілген екінші фильм алдыңғы "Борат" сияқты ескірмей тұра бермек. Біріншісі мәңгі өлмейтін комедия болса, бұл газеттің бетіндегі карикатура немесе Spitting Image (британ теледидарындағы сатиралық қуыршақ шоу – ред.) эпизоды сияқты эфемерлі болатын шығар... Бұл тәрізді сатиралық фильмдер көп емес. Фильмді бірнеше жылдан соң қайта көргіңіз келе қоймас, бірақ оны қазір көруге тиіссіз" деп қорытады шолушы.

Читайте на 123ru.net

Другие проекты от 123ru.net



Архангельск

Ниже воды: как идет обновление подводного флота России



Здоровье

Доктор Кутушов: не стоит носить кроссовки в жару




Українські новини

Монтаж димоходів та вентиляційних систем у Києві



Новости 24 часа

Директор Росгвардии генерал армии Виктор Золотов принял участие в посвященных 100-летию дивизии имени Ф.Э. Дзержинского торжественных мероприятиях



Game News

To create its cast of Baldur's Gate 3 companions, Larian came up with 'hundreds and hundreds' of character concepts: 'It was a huge, huge list'



Москва

Политолог Марков: Джефф Монсон принял ислам в Москве



News Every Day

'Hum bhi insaan hain': Pakistan allrounder Imad urges calm



Интернет

ТСД промышленного класса Saotron RT-Т510



Москва

Стали известны причины смерти сына модельера Вячеслава Зайцева Егора



Фёдор Шаляпин

«Всю жизнь я зарабатывал пением и… легким аферизмом». Прохор Шаляпин раскрыл источники дохода в шоу «Вкусно с Анфисой Чеховой» на ТВ-3    



Москва

Название для новой железнодорожной станции выберут в Химках



Анна Курникова

Курникова показала трогательные фото Энрике Иглесиаса



Москва

За прошедшую неделю подмосковные росгвардейцы обеспечили безопасность более 200 мероприятий



Hyundai

Hyundai привозит в Россию старый добрый седан по цене LADA Vesta



Симферополь

В Симферополе пройдёт спектакль-акция «Подаренная жизнь»



Москва

Как Россия уступила Азербайджану значительные территории Дагестана и два села



Москва

Сергей Собянин: Активно укрепляем отношения с Китаем



Москва

За прошедшую неделю подмосковные росгвардейцы обеспечили безопасность более 200 мероприятий



Другие популярные новости дня сегодня


123ru.net — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 123ru.net.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.



Новости 24/7 Все города России




Загрузка...


Топ 10 новостей последнего часа






Персональные новости

123ru.net — ежедневник главных новостей Вашего города и Вашего региона. 123ru.net - новости в деталях, свежий, незамыленный образ событий дня, аналитика минувших событий, прогнозы на будущее и непредвзятый взгляд на настоящее, как всегда, оперативно, честно, без купюр и цензуры каждый час, семь дней в неделю, 24 часа в сутки. Ещё больше местных городских новостей Вашего города — на порталах News-Life.pro и News24.pro. Полная лента региональных новостей на этот час — здесь. Самые свежие и популярные публикации событий в России и в мире сегодня - в ТОП-100 и на сайте Russia24.pro. С 2017 года проект 123ru.net стал мультиязычным и расширил свою аудиторию в мировом пространстве. Теперь нас читает не только русскоязычная аудитория и жители бывшего СССР, но и весь современный мир. 123ru.net - мир новостей без границ и цензуры в режиме реального времени. Каждую минуту - 123 самые горячие новости из городов и регионов. С нами Вы никогда не пропустите главное. А самым главным во все века остаётся "время" - наше и Ваше (у каждого - оно своё). Время - бесценно! Берегите и цените время. Здесь и сейчас — знакомства на 123ru.net. . Разместить свою новость локально в любом городе (и даже, на любом языке мира) можно ежесекундно (совершенно бесплатно) с мгновенной публикацией (без цензуры и модерации) самостоятельно - здесь.



Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире
Москва

Бизнес-омбудсмен Москвы оказывает поддержку НМСП





Путин в России и мире
Москва

ДОКЛАД ПРО ДЕЛО СКРИПАЛЕЙ, САФРОНОВА, ГОЛУНОВА. ПРО НАУКУ АКТИВНОЙ ВСЕЛЕННОЙ. ЭКСПЕРТ АНАТОЛИЙ ГОЛОД.


Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.





Зеленский в Украине и мире

Навальный в России и мире


Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...



Бато Багдаев

В Бурчтии в театре кукол «Ульгэр» 14-16 июня пройдут «Волшебные выходные»! - Театр и Цирк, Культура и Концерт, Россия и Дети



Москва

Конференция «AICONF СтроимПросто: интеллект и строительство» пройдет в столице

Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net