Түркістан облысында бақша дақылдарының 53% экспортталады
![Түркістан облысында бақша дақылдарының 53% экспортталады](https://www.inform.kz/radmin/news/2020/07/31/200731013226472e.jpg)
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Өзге өңірлерді жеміс-жидек, көкөнісімен қамтамасыз ететін жері құнарлы өлке осылайша бүкіл Қазақстан халқы қажеттілігінен 3.2 есе артық бақша өнімдерін өндіріп отыр. Бақша өнімі - Түркістан облысы үшін экспортқа бағытталған мақтадан кейінгі екінші өнім, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.