Қарағандыда дәрі-дәрмекті қымбатқа және рецепсіз сатқан 36 дәріхана анықталды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында мониторинг топтары 324 дәріхананы тексерді. Оның 36-сында тәртіп бұзушылық анықталды. Бірқатар тәртіп бұзушылар жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.