Коронавирус: Әлемдегі ахуал қандай
![Коронавирус: Әлемдегі ахуал қандай](https://www.inform.kz/radmin/news/2020/07/16/200716201907922e.jpg)
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) 16 шілдедегі жағдайды талдаған мәліметі бойынша әлемде коронавирусты жұқтырудың 187 719 жаңа жағдайы тіркелген. Осылайша 13 338 364 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Өкінішке қарай, пандемия 579 мыңнан астам адамның өмірін жалмады. Бүгін әлем елдерінің коронавирус індетімен қалай күресіп жатқанын шолып көрмекпіз.