COVID-19: Қазақстанда бүгін Жалпыұлттық аза тұту күні
![COVID-19: Қазақстанда бүгін Жалпыұлттық аза тұту күні](https://www.inform.kz/radmin/news/2020/07/13/200713001636720e.jpg)
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирус пандемиясының құрбаны болған азаматтарды еске алуға байланысты бүгін - Жалпыұлттық аза тұту күні. Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 12:00-де бүкіл ел бойынша бір минуттық үнсіздік жарияланады.