Алматыда қанша баланың балабақша кезегінде тұрғаны анықталды
![Алматыда қанша баланың балабақша кезегінде тұрғаны анықталды](https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2019/news_302760/thumb_b/photo_61237.jpg)
Алматыда 3-6 жас аралығындағы 21 мыңға жуық бала балабақша кезегінде тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қалалық білім басқармасының басшысы Гүлнар Қожабергенова айтты.
"1-6 жас аралығындағы балабақшаға кезекке тұрған балалардың саны 45 мыңға жетеді, ал 3-6 жас аралығындағы балалардың саны - 20 600", - деді білім басқармасының басшысы.
Оның айтуынша, 2019 жылы Алматыда 2600 орынға арналған үш мемлекеттік және 113 жекеменшік балабақша ашылды. Қазіргі уақытта Бостандық ауданында 150 орынға арналған балабақшаның құрылысы жүріп жатыр.