Қазақстан мен Вьетнам ынтымақтастығының болашағы зор - Нұрлан Нығматулин
![Қазақстан мен Вьетнам ынтымақтастығының болашағы зор - Нұрлан Нығматулин](https://www.inform.kz/radmin/news/2019/11/15/191115171623451e.jpg)
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Вьетнамға ресми сапары барысында Дананг қаласына барып, теңіз айлағының жұмысымен танысты, сондай-ақ, өнеркәсіп орындарына барып, бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.