Қазақстанда игерілетін 109 кен орны аукционға шығарылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі 2017 жылғы 28 қарашада 109 жер қойнауы учаскесі соның ішінде 97 барлауға, 12 өндіруге арналған учаскелері бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға қатысты аукцион түріндегі конкурс өткізілетіндігін хабарлайды.