Катар тарапы ҚР Сыртқы істер министрлігімен тұрақты саяси кеңесулер өткізуге ниетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Катар мемлекеті Қазақстанға тұрақты түрде екі елдің сыртқы істер министрліктері арасында саяси кеңесулер өткізуді ұсынды. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Катар Мемлекетіндегі ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Шоқыбаев мәлім етті.