Түркияның «Солотүрк» пилотаж тобы «KADEX - 2018» көрмесінде авиашоу өткізбек
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның F -16 «Солотүрк» пилотаж тобы 23-26 мамырда Астанада өтетін «KADEX - 2018» қару-жарақ және әскери-техникалық V Халықаралық көрмесіне қатысады. Топтың авиашоуының 25-26 мамыр күндері сағат 12.00-13.00 аралығында өтуі жоспарланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.