Алматыда 5 жасар бала менингиттен көз жұмды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 5 жасар бала менингит жұқпасынан көз жұмды. Бұл биыл қайтыс болған 3-ші адам. Бұл туралы қалалық Қоғам денсаулығын қорғау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.