Министрлік: Шымкентте әскери мектеп курсанты қайтыс болды
![Министрлік: Шымкентте әскери мектеп курсанты қайтыс болды](https://gdb.rferl.org/99409125-D603-4D3B-9F15-43B95E9A2045_cx3_cy3_cw75_w800_h450.png)
Оңтүстік Қазақстан облысында әскери мектеп-интернаттың курсанты қайтыс болды деп хабарлайды Қазақстан Қорғаныс министрлігі. 13 сәуір күні таратылған ресми хабарламада Шымкенттегі "Жас ұлан" әскери мектебінің курсанты "жоспарлы сабақ үстінде" көз жұмғаны айтылады. Ведомство оқиғаның мән-жайын толық айтпай, тергеу басталғанын ғана хабарлады.
Мектеп-интернаттың өзінде оқиғаға әзірге комментарий бермеді. Мектеп қызметкерлерінің хабарлауынша, оқиға 12 сәуір күні болған. Жергілікті БАҚ оқу орны аумағында әскери-мектеп интернаттың 2002 жылы туған курсанты қайтыс болғанын хабарлады.
Шымкенттегі Сабыр Рақымов атындағы "Жас ұлан" республикалық мемлекеттік мекемесі Қорғаныс министрлігіне қарайды.