Премьер-Министр Атыраудағы полиэтилен зауытының құрылысымен танысты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Атырау облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Атырау қаласындағы «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағына барып, онда полиэтилен өндіретін зауытпен және газ турбиналы электр стансасының құрылыс жұмыстарымен танысты. Бұл туралы primeminister.kz хабарлайды.