Қазақстанда кинотеатрлар 3-қабаттан жоғары орналаспауы мүмкін
![Қазақстанда кинотеатрлар 3-қабаттан жоғары орналаспауы мүмкін](http://www.inform.kz/fotoarticles/20180330183628.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздегі ойын-сауық орталықтарында кинотеатрлар мен балаларды ойнатуға арналған орындарды 3-қабаттан жоғары ашуға тыйым салынуы мүмкін. Мұндай ұсынысты ҚР ІІМ ТЖК білдіріп отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.